Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  110


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кайда екенсің, қоңыр жүзді қой көздім...

Кайда екенсің, қоңыр жүзді қой көздім,
Қоңыр күзгі қоңыр кеште ой кездім.
Жанындағы майда қоңыр махаббат
Салмағымен бүгін мықтап бойды ездің!
Көңіліңді кешке соққан самалдай
Жан қиналды жер үстінен таба алмай!
Қаным кеуіп, сүйектерім салдырап,
Шөлде қалған бір тамшысыз адамдай.
Аңсағаным алақұйын өрт еді,
Махаббатым болсын деуші ем ертегі!
Ақырында айдалада қап қойдым,
Жап-жалаңаш екен ғой бұл жер, тегі!
Қайда екенсің, қайдан табам, қой көздім,
Қадіріңді кештеу біліп, ой кездім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу