Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  80


Автор: Бекен Әбдіразақов

Азайын десе пендеңіз қиын емес...

Азайын десе пендеңіз қиын емес,
Байлығың да бетке ұстар бұйым емес,
Тұрмыстың бір толқыны тоғытса кеп,
Жауап іздеп талқылар жиын емес.
Талай тентек жұмыр бас жұлқынып-ақ,
Кеуде тосқан топанға ұмтылып-ақ.
Асау тағдыр бұрылмай арнасынан,
Қылғып салған ойланбай құлқынына ап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу