Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  73


Автор: Бекен Әбдіразақов

Аларымнан берерім көп десең де...

Аларымнан берерім көп десең де,
Бүр түп талың көрінбейді көшеңде.
Татып алсаң, күйдіреді тіліңді
Мөлдіреген сусының да кесеңде!
Тілек қоспай қатын-бала, шешең де,
Ғайбаттарға кетіп жүр ғой есең де!
Жаяу жалғыз қайда тартып барасың,
Көппен бірге адаспай ма көсем де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу