Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  208


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шексіз де түпсіз ғарышта

Шексіз де түпсіз ғарышта
Жүректей ғана жұмыр жер,
Телміре қарап алысқа,
Күтеді нені бүгіндер?!
Жұлдыздар жымың қақса да,
О жағы маған мәлімсіз.
Түндерде шырақ жақса да,
Шыңырау дүние өлі үнсіз.
Жұлдызды көкпен сәнді ғой
Сұлу жер нұрға оранған.
Сақтасақ, шіркін, ендігі ой
Қиямет-қайым бораннан.
Шексіз де түпсіз ғарыштан
Жау келмес жерге – бұ анық.
Келсе де, біздер намыстан
Шығармыз қолға ту алып.
«Жанында жүрген жау жаман!»
Ойлансаң, мәнді-ақ ескі сөз.
«Атасы құнын» даулаған
Көбейіп тұр-ау ешкі көз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу