Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  112


Автор: Бекен Әбдіразақов

Төрт құбыласы тең ғой деп сенбейсіңдер...

Төрт құбыласы тең ғой деп сенбейсіңдер,
Жанымдағы жараны көрмейсіңдер.
Тіршіліктен тұңілдім деп жыласам,
Жасты сүртер орамал бермейсіндер.
Айтшы, кәне, кім жерір суатынан,
Кім айырылар әдейі қуатынан?
Сенім менен сыйластық ошағында
Көшедегі кесектей уатылған!
Қайда барам, паналар жерім бар ма?
Шоқ-шоқ дейді өзіме көңіл-қарға!
Мен өлмеспін без теріп кетсем-дағы,
Мені біліп, сыйлайтын елім барда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу