Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  88


Автор: Бекен Әбдіразақов

Теңіз жағасындағы ой

Теңізге барсаң бір рет,
Толқындап сен де қаласың.
Аспанда емес құдірет,
Жерде екеніне нанасың!
Көгілжім аспан, көк теңіз
Көсіліп көзсіз аққанда,
Желкендей кеңіп өкпеңіз,
Аққудай қанат қаққанда.
Шетсіз де шексіз дүниең
Жатса әлі орғып, бас білмей,
Өзегім өрт боп күйінем,
Жүрегім тулап, ас жүрмей.
Салсам-ау қыпша құрықты,
Теңіздің басып кеудесін!..
Өр кеудем бәрін ұмытты,
Адамды көкжал деу де шын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу