Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  100


Автор: Бекен Әбдіразақов

Оңашада өксіп бір жылап алам...

Оңашада өксіп бір жылап алам,
Дейді маған бір Құдай: «Жыла, балам!»
Өксік уын шығармас мәңгі-бақи,
Оңашада өксіп бір жыламаған.
Қу тағдырдың бұйрығы бұ да маған,
Оңашада өксіп мен жылап алам.
Көз жасымды көрсетпей бір пәндеге,
Оңашада өксіп мен жылап алам.
Бұл көз жасы жігіттің шыдамаған,
Күнім жоқ қой, ойпырым-ай, құламаған.
Ей, адамдар, сенбеңдер бұл өмірде
Адамдарға оңаша жыламаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу