Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  69


Автор: Бекен Әбдіразақов

Оспанханды іздеу

Жамбасың жерге тигелі
Қырық күн де бопты-ау, Оспаным.
Күрсініс менде жиіледі,
Көрінбей өзге достарым.
Далаға шықсам жалтаңдап,
Қараймын үнсіз үйіңе.
Сенімен жүрген талтаңдап,
Жылаймын бүгін күйіме!
Жалғыздық атты бәленің
Салмағын енді сезіндім.
Тарылып байтақ өлемім,
Түндерде әрең көз ілдім.
Сағындым нұрлы күлкіңді,
Аға деп енді кім айтар?!
Қамалап ойлар мың түрлі,
Күн өткен сайын мұңайтар.
Өзіміз жайлы өкпектей
Өкпеден өтер жүр сыбыс.
Жанымда жырды көктетпей,
Жиі боп кетті күрсініс...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу