Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  54


Автор: Бекен Әбдіразақов

Күн еңкейсе аспанды жеңіл бойлап...

Күн еңкейсе аспанды жеңіл бойлап,
Көлеңкесі ұзарып көңіл бейбақ,
Күңгірттеніп қалады өз-өзінен,
Тағдыр тартар ертеңгі өмірді ойлап.
Бір сәулесі ғұмырдың өшті дерсің,
Бір адымға көшің де көшті дерсің.
Ажал атты албасты саған деген
Кәрілікке бір күнді қосты дерсің.
Не бітеді бірақ та түңілгенмен,
Бұл қайғы емес пендеге бүгін келген.
Өмір — жұмбақ, өлімің онан сұмдық,
Жете алмайсың түбіне үңілгенмен.
Ең жақсысы – жарық күн, жарық түнде
Маңдайыма жазғанға қарықпын де!
Әйтпесе, сен жүресің арып күнде,
Адам емес, онда жай ғарыппын де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу