Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  99


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ақын мен шындық

Жауыз патша әуелі тіл кеседі,
Ақындармен мәңгі олар күндес еді.
Шындық құрғыр шырайлы сұлу емес,
Алмас қылыш, отпенен тілдес еді!
Көз шығармай, бет тілмей жауыз жанын,
Мақтаменен біледі бауыздарын.
Мамығына кірпіні орап қойып,
Қан сасытар мөп-мөлдір хауыздарын.
Талай ғасыр, не заман әміршілер
Ақындарды шідерлеп – жалыншы дер!
Шыдайды ақын, шындықтай жан серігін
Сатқан емес, шыңғыртсын жанын шідер!
Ғасыр өтер, өзгерер заманың да,
Бастан кешер сұмдықты адамың да,
Жарық дүние біледі: жарық күндей
Шындық өлмес бір ақын аманында!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу