Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  84


Автор: Бекен Әбдіразақов

Аспанға ұшып кетпеймін қашқаныммен...

Аспанға ұшып кетпеймін қашқаныммен,
Қайда барып күнелтем аш жаныммен?
ЬІқыласқа ып-ыстық тоймасам да,
Ыстық нанды елде көп той қашанда!
Жер үстіне қонақпыз десек-дағы,
Мықты боп тұр тірлікте есеп жағы!
Өлер күнін дәл айтпас адам бүгін,
Қалт жібермес жақсылық, жамандығың.
Қадірі жоқ кісіге пайдасызбын,
Мен жоспарды қайдағы айда сыздым.
Тіршіліктің түбіне үңілместен
Аударылып жатыр ғой жүгім көшкен.
Жинауға да тұрғаны құқым болмай,
Қашса керек айласыз сұрқым сондай.
Орта жолда омыртқам опырылып,
Аш бөрілер маңымда отыр ұлып!
Аспанға ұшып кетпеймін қашсам-дағы,
Кім күтеді мәуемді бақшамдағы?
Итті құдай елтірсін иесімен,
Туған жердің сақтай гөр киесінен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу