Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  95


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Соңғы хат

Жерде – мен байғұспын,
Аспанда – ай міскін...
Жалғыздық жанымды жаралап,
Қайғы іштім.
Қалмаған сияқты мүлде есім,
Апыр-ау, бұл не сұм?
Тәрк еткен тірліктің түрмесін –
Жырыммен біргесің.
Үр жалған –
Ғайыпқа сіңетін нұрлы арман.
Өзіңе қол бұлғап тұрармын
Сағым боп – қырлардан...
Жамылып қап-қара түнекті,
Мазасыз жүрегім шыр етті.
Сабылтып мұң өпті,
Сағынтып күн өтті.
Қош енді, көгілдір көктемім,
Сөкпегін!
...Жып-жылы жаңбырдың жауғаны –
Жасыңды төккенің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу