Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  114


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Жалқы сәт

Жұлдыздан шолпы таққан Ай бұрымы
Шаттыққа жетелейді қайғылыны...
Сенбісің жүрегімде қауыз жарып,
Жанымды ғашық еткен ләйлі гүлі?
Періште қанатымен саған ұштым,
Мен деген – аса тылсым жаралыспын.
Айтам деп айтпай қалған сырларымды
Баратыр іліп алып тарамыс-түн.
Атқанда боз далаға алаулап таң,
Тыңдашы бозторғайды бабау қаққан.
Ол менің шырылдаған жүрегім ғой,
Әлемге махаббатты жалаулатқан.
Толғатып көктемелік бал құмары,
Теңізден күй туады шалқымалы.
...Үмітпен үр бейнеңді үлбіреткен
Санамда – сағыныштың жалқын әні...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу