Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  107


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Мені ізде

Бақытым – сәби-дала,
Періште – жұмыр басым.
Сенемін қағидаға:
Өлеңім – ғұмырласым.
Егерде көз ілсем мен,
Бар әлем көз іледі.
Өзіңнен безінсем мен,
Мәнсіздік сезіледі.
Көктем боп қоңырау қақ,
Құсымды ұшырайын.
Әніңді омырауға ап,
Өмірге тұшынайын.
Сезімді түсінбейтін
Әңгүдік емеспін мен.
«Жасыным - күшім» дейтін
Бұлттармен теңестім мен.
Жамылып қара түнді,
Жалғасам мәңгілікке.
Қомда да қанатыңды,
Мені ізде...таңды күтпе,
Аяулым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу