Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  88


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Жазмыш

Маған арзу ару бар Ажал деген,
Ғашықтығын жырлады ол ғазалменен.
Түнді табыт, төсекті кебін қылып,
Ұйықтасам – түсімде мазар көрем.
Жалындамай жанымның жас тілегі,
Бақас тірлік батпандап басты мені.
Жалбарындым көктегі Тәңіріме,
Арғы тегім азулы қасқыр еді...
Шайтанның да шырмалдым шылауына,
Тәтті күймен күніне мың ауыра.
Күмірә боп жоғалса Күлкілі Өмір,
Таңғалмаңдар соңғы рет жылауыма.
Мұң-зарымды көзіме бейнеледім,
Тірі жүргім келеді кейде менің.
...Сыймағасын кеудеме Асау Жүрек,
«Әлдиле, өлім, әлдиле» дей беремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу