Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  77


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Өмір дейді?

Өмір дейді?..
Жұмбақ көп біз білмейтін,
Уақытты ешкім жоқ тізгіндейтін.
...Сағынып та жыр жазам, сарғайып та,
болмысымнан байқадым күздің кейпінбайқаусызда...
Өмір дейді?..
Көңілім тасып-тынып,
Жүрек соқты мазасы қашып қырық.
Жарқ етті де ғайыпқа кіріп кетті,
Сол қыз менің жанымды ғашық қылыпбайқаусызда...
Өмір дейді?..
Көзіңді талмауратып,
Арланбайды біреулер алдауға түк.
Осындай бір қырсықтан талай рет
Маған қонбай, адыра қалды-ау бақытбайқаусызда...
Өмір дейді?..
Кебінге орағасын,
Тірлігіңді тәмамдап доғарасың.
...Мүмкін мынау далада жалғыз қалар
Өлген ойлар жерленген мола-басым байқаусызда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу