Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  102


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Аңсамалы

Бал дәурен,
Жаныма жалғаулы ең...
Ғашықтық ғазалын жырламай,
Мен өмір сүрмеспін өзімді алдаумен!
Тілекке
Үн қостым дір етпе.
Он жеті көктемнің гүлі боп,
Жастық шақ қауызын жарып тұр жүректе.
Жол – күрең,
Көрсетпен көлгір өң...
Түн бойы көзіме тұнатын
Таңғы шық сияқты арыммен мөлдір ем.
Әрине,
Пендемін фәниде.
Керімсал күй кешсем сезімнен,
Ұқсаймын бесікте тербелген себиге.
Жанабым,
Сағынып барамын...
Нұр шашқан көгілдір дүнием –
Жұп-жұпар исі ғой аңқылдақ даланың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу