Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  83


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Муза

Сен болмасаң ұстамас едім қаламды,
Бір өлең жазылмай керім...
Күн сәулесін сіңірді гүлге қараңғы,
...Жүректің назын қайтемін?!
Жанарыма мөлдір де мөлдір мұң үйіп,
Тұмса түн боздап барады.
Кілең жұлдыз аспаннан сонау жымиып,
Ескі әнін созбақтағаны.
Шын азалап аят оқыған – шық қана,
Ай байғұс қаза тапқанда...
Құлағымды тостырып жүрген құтпан, ә? –
Тәңіри ғажап ақпарға.
Түрмесінде күйбең де күйбең тірліктің
Тұншығып даланы аңсадым.
Өзегімді өртеп тұратын жыр күттім,
Жай таппай қаладан шағын.
Без қара тас түнекті нұрмен шайып паң
Таң атса – жарық құшамын...
...Үпілмәлік келеді маған ғайыптан,
Сол – менің шабытты шағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу