Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  71


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Көз жасы

Ағып жатыр қос бетіңді жас іреп,
Жазған ботам, жолың неткен қасірет!
Боздауыңа мен қосылып боздасам,
Туар еді-ау мәңгілікке тозбас ән.
Ән туралы көкейтесті бұл арман
Сенің мөлдір көз жасыңнан құралған.
Кірпігіңе ілініп тұр дүние –
Көңіліме көкшіл-көксіл мұң үйе...
Қанмен жуып қан қақсаған жүректі,
Батар күннің сәулелері дір етті.
Жетім көрсем жанарымнан жас парлап,
Пыр-пыр ұшып кететіндей бастан бақ.
Қараң-құраң көлеңке де таусылған,
Қашқан шығар зәрден ащы даусыңнан.
Жылап болсаң жазармын бір тасқа өлең –
Жәутеңдеген жалғыз тамшы жаспенен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу