Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  104


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Жайықтың бойы

Толқындарын жалаңаш қалтыратып,
Ағып жатыр Ақ Жайық жар құлатып.
Ескі жырда айтылған жайлы қиян –
Атырауға бұйырған жалқы бақыт.
Түні бөлек бұл жердің алтын айлы,
Жұлдыздары суда да жарқырайды...
Қалса керек Махамбет заманынан
Кеудемдегі шағылғыр зарпы-қайғы.
Жанарымды жағада жасқа шылап,
Кеткім келді айдынмен астасып-ақ.
Тұңғиыққа үңіліп қарай бердім,
Әруақ іздеп шығардай қасқа сұр ат.
Ақ қайыңның жел өпкен ақ тамағын
Салқамдықпен есіме сақтағамын...
Дүр дәуірін жоқтатып тамшылап тұр
Сарайшықтың көзінен қап-қара мұң.
Құм еліне таныс қой жын сірәдан,
Соны ойласам жүрегім тыншымаған.
Сан ғасырға куәгер ұлы өзенім –
Сыңар аққу сияқты сыңсыған ән.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу