Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  83


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Өміркезек

Есік алды – тайғақ мұз,
Үй арасы – күртік қар.
Кеше біздер бұлбұл болып сайраппыз,
Жамалмай тұрып жыртықтар.
Уа, босына, босына,
Көңілім, енді шошыма!
Жан-жүректі сыздатқан
Аязы құрғыр жүз батпан –
Абайдың “кәрі құда” дегені осы да...
Күн райы бүлерде
Қалың бұлт құрсайды ғой аспанды.
Бүгін борандай соғып түнерме,
Бір жасармыз ертең бастаңғы.
Ай, арайна, арайна,
Өлең оқысам жарай ма?
Жақсы-жақсы тілекпен
Дүниені тегіс гүл еткен –
Келеді “құдаша қыз” қалайда..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу