Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  63


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Тақсірет тарту

Өрлетпей қойды тепсеңге
Даңғаза түн.
Жоғалып ізсіз кетсем бе
Таңға жақын?
Қалады ертең бүгінгі
Күз де кетіп.
Шағамын желге мұңымды
Тізбелетіп.
Ұйқымды менің өлтірді
Үрейлі түс.
Көзімде тулап көл тұрды –
Дүлей, мүкіс...
Күлкіден қаштым бірезу,
Шыдай алмай.
Тобырдың анау мінезі – у,
Жын-аярдай.
Атпайтын болды маған таң
Сағындырып.
Қалды ғой кеуіп жан-аңқам,
Бағым құрып.
Бұлт басып тұрған Айымды
Ойлап келем.
Ұғатын кім бар жайымды
Бойлап терең?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу