Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  86


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Тылсым

Түн келеді Қарагерін тайпалтып,
Аспанда тұр баяғыша Ай қалқып...
Екі кештің арасында мезгілсіз
Айқайға салған қай тантық?
Ол дауысты болады әбден зәр десең,
Естімедің бе, әлде, сен?
(Таңғалмаймын Шайтан көрсем шыңғырған,
Себебі мен Періштемен дәмдес ем.)
Дүниенің талай жұмбағын
Даладан да, тау-тастан да тыңдадым.
(Байқамаппын осы уақытқа дейін
Жанарымда жасырынған мұң барын.)
Астасып ап кеудемдегі күмбірмен,
Жан-жағымды түнек етті Түн бірден.
...Құлаққа жеткен әлгі шу
Жүрегімнің үні шығар, кім білген




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу