👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  32


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Қасида қазақия

Жарқын да жарқын, жарқын жыр –
Жанұйық боп жұпар шашқан жұмағым.
Жалқындатып жүректі,
Жарқылдатып тілекті,
Жаратқаннан махаббатты сұрадым.
Көркем де көркем, көркем күн –
Көгімдегі жанып тұрған шырағым.
Көктем етіп көңілді,
Көктеп өтіп өмірді,
Көз жасымды нұрға шылап жыладым.
Ару да ару, ару ай –
Асыл туған аспантекті құмарым.
Алтындатып назымды,
Аңқылдатып сазымды,
Арманыма таңғы шықтай тұнамын.
Сұлу да сұлу, сұлу сөз –
Самаласы сарқылмаған бұлағым.
Сағындырып бақытты,
Сабылдырып уақытты,
Самбыр-самбыр сөйлеймін де тынамын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы