Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  94


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Жаңғыртпа

Өткен... өткен...
Не түрлі заман өткен,
Қай заман да ерлікті талап еткен.
Палуан шыққан әлиден * Балта деген,
Шежіремді отырсам қарап еппен.
Ғұмырында Ер Бекет пірі болған,
Жауға намыс бермеген тірі қолдан.
Жолдастары Балуанияз, Тұрманбетпен
Құрған екен ел үшін ірі қорған...
Көрсе дағы сан қилы қасіретті,
Өр Адайым тасқындай тасып өтті:
Көк бөріше азуын айға білеп,
Аршыланша қаһарын шашып отты...
Атан мінген сой еді-ау Балта Бабам,
Айладырдан ұрпағын қалқалаған.
...Батырларды өмірге әкеле бер,
Алтын құрсақ Маңғыстау – салқар анам!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу