29.05.2022
  154


Автор: Ескен Елубаев

АЯЗДЫ КҮНI

Далада аяз, қашан ғана тыншиды?
Мұрынды бiр,
Құлақты бiр шымшиды.
Үйде Асан ыстық көже iше алмай,
Iшек-қарны шұрылдайды, сыңсиды.


Темiр қасық! Қалай аузы күймейдi?
Қасығы да ернiне бiр тимейдi.
Тиiп кетсе, ернiн қасық күйдiрiп,
Асан батыр баж етiп зар илейдi.
Суығанша төзiмi оның жетпедi,
Көженi алып тысқа қарай беттедi.
Қар үстiнде суысын деп тұрғанда,
Қос құлағы аз-ақ үсiп кетпедi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу