29.05.2022
  166


Автор: Ескен Елубаев

ЗЕРЕК БАЛА

Əкесiнiң есiмiн,
Жазып берер,
«Жаз» десең.
Жазар шеше есiмiн,
Егерде оны аз десең.
Жаза бiлер ол егер,
Қолға берсең қаламсап.
Зуылдата жөнелер,
«Əлiппеңдi» ала сап.
Талай-талай тақпақты,
Шəрiп тұрып жатқа айтты.
Оны бəрi мақтапты,
Оған теңеу таппапты:
– Жақсы оқиды-ау, шамасы,
Қандай естi, қарашы!
Ерте өскен санасы,
Бұл кiмнiң, – деп, – баласы?


Бiлгендерден сұраса,
Зеректердiң бiрi екен.
Бiрiншiге жаңадан
Барайын деп жүр екен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу