29.05.2022
  87


Автор: Ескен Елубаев

IНIМНIҢ АҢҚАУЛЫҒЫ

Монтер ағай келдi де,
Бағананың қасына.
Үзiк сымды көрдi де,
Өрмеледi басына.


Əлi өрмелеп барады,
«Ту басына жетем», – деп.
Қарап тұрмыз ағаны,
«Құламаса екен», – деп.
Шыбық атпен шапқылап,
Келдi мұнда iнiм де.
Сөйлеп тұрды ол аптыға
Бағананың түбiнде:
– Аға, мынау кiм өзi,
Құламай ма бұл кенет?
Қызық екен мiнезi,
Онда ұя iздеп жүр ме? – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу