29.05.2022
  149


Автор: Ескен Елубаев

ҰЯ

Наурыз келдi, қыс кеттi,
Күн шуағын құяды.
Топ-тобымен құс кептi,
Жасау керек ұяны.
Қызу еңбек, не керек,
Жоқ тыныштық қыстайғы.
Жыл құстарын
Керемет
Сағынғанға ұқсайды.
Балалардың бiреуi –
Берiкбайдың Асаны.


Ол да асығып жүр едi,
Əсем үйшiк жасады.
Үйшiк бiреу – iлуде,
Жасағанын жасады.
Ағашқа оны iлуге:
– Қорқамын, – деп қашады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу