👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  86


Автор: Нұрым Ғұмар

Дос



Дұшпан маған дос болып елестеді,

Мына достық мәңгілік емес тегі.

Бір ғасыр жетер жетпес дос болатын,

Өмір өзі, бір досың емес пе еді.



Өмір ақын, өмір өлең, өмір досым,

Кейде рас құбылары өңім тосын.

Кеудемнің қос ішегін ыңғайға сап,

Өмір саған шертейін көңіл тұсын.



Достықтың солғын тартты гүлі неден,

Бүгін тағы жалтарды бірі менен.

Қайрылмай кетіп жатыр бақ-ырысын,

Мен жұтып қоятындай түгіменен.



Кім түсінер мендегі өгей хәлді,

Алдымнан бір хайырлы көрем таңды.

"Дос"- дегеннің үш әрпіне сіңісіп,

Мен, Өмір және өлең қалды.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы