Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  142


Автор: Нұрым Ғұмар

Джулияға



(Тебірен)



Кеуде тұстан сілкінеді қызыл ет,

Сезім бе бұл?.

Ол неғылған құдірет...

Темір мүсін болғаныңмен сыр шектім,

Өтінемін, құрығанда сыбыр ет.



Бұл ғаламнан табылмай ма, теңім не,

Құмармын- ау естілмейтін мен үнге.

Кейде ішімді мұңлы азғын тат басып,

Жаным ұқсап кетеді рас темірге.



Не айтайын, тас жүректі елге дүр,

Өкпем менің тұнсада көп шерге зіл.

Жақсы сырлас болар ма ек, ай әттең,

Мен адаммен, сен темір...



Жүрегімнің шоғы басым шерінен,

Батыл жинап қайта артқа шегінем.

Тілім- тілім жүрегіме шер сінді,

Егер сезгін келіп жатса - тебірен...



Тұман жолдың бір шешімін табамын,

Шешімі жоқ, жан ауыртар дара мұң.

Джулия саған қарап тұрып кейде мен,

Өз жанымды көргендей боп қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу