Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  141


Автор: Нұрым Ғұмар

Бір ыстық күйден...


Бір ыстық күйден арыла алмай,

Ойлаймын сені күн- кеші.

Батсада өкініш жанына мұздай,

Жабырқап мендей жүрмеші.



Қайғыдан арылда күлім қақ,

Мен- ақ жабырқайын, жылайын.

Жүрмін ғой соңыңнан шырылдап,

Жарық бер, жол сілтер күн айым.



Өкпені жоқ қылып мұраннан,

Жанымды кешірші күдікшіл.

Жазмышын жалғанның құп алған,

Пендемін, мен сондай бүлікшіл.



Дәл мұнша өкпе- мұң жарамас,

Мұң кетсін жаңбырлы кешімен.

Жанымды көп ауырт, жаза бас,

Кешуге сеп тауып кешірем...



Қателік кетті рас менен көөп,

Шығуға аз- ақ қалд есім шын.

Отырмын сен жаққа елеңдеп,

Жан дүниең шынайы кешірсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу