👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  63


Автор: Нұрым Ғұмар

Алдарқату



Таға аламын кімге өкпе, кімге мін,

Жан жүрегім ауырады шын менің.

Ол аруға сыйлағым- ақ келеді,

Сағыныштың солғын тартқан гүлдерін.



Махаббаттың атпай қойды құт таңы,

Саған айтар сырым менің көп тағы.

Сенің әсем жанарыңнан жас тамып,

Өшіп қалды сағыныштың отты әні.



Несіне көп малынамын құр ойға,

Жүрегім- ай, жан дертіме қыл айла.

Мені мұңға батыруды доғаршы,

Мұң дегенің жетіп жатыр былайда.



Ешбір жанға кетпеген көңіл құлап,

Ақылсыз ғып алдың ғой көңілді орап.

Жылылықты сақтайм деп арадағы,

Тым артық кетем кейде өзім бірақ.



Нәзіктікпен жүрекке құрған құрық,

Сұлулығы тастайды толғандырып.

Сен мен үшін қаласың арман қыз боп,

Мен сен үшін болам ба, арман жігіт.



Әлде өзімді жүрмін бе алдандырып))


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы