Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  111


Автор: Нұрым Ғұмар

Ақтілекке



Жүр екен жолымызға бақ тілеп кім?,

Жұрт мұңын ұғына алмас шат жүректің.

Бір жеңілдеп қаламын мен әйтеуір,

Жазбасын оқығанда Ақтілектің.



Куәсін күннің шырай, дауылына,

Өмірдің түстің жеңіл - ауырына.

Қай қиындық болмасын қарсы тұрып,

Бой түзеп жүрсің әркез Тау ұлына.



Бай болсада бұ дүние ақынға мың,

Кез болмаған өзіңдей батыл, дарын.

Өлең егер биігін жоғалтпаса,

Кеш берер әлі саған оқырманың.



Дүниеге ақын болып туылғасын,

Өлеңді көтерелік тұғырға шын.

Тұмсықтай өткір қауіп тақалмасын,

Шымшықтай жыр жүрегін шырылдасын.



Деп қалам- "ақыны екен қай ғұмырдың",

Шегіне жету қиын жай сырыңның.

Әсемдікті жырлайды ол, түні бойы,

Суретіне бір қарап Айсұлудың.



Сен іздеген сұлулық табылды ма?,

Жүресін кейде менің жанымды ұға.

Атырауға өлеңнең тау тұрғызшы,

Атын оның беріп қой Табылдыға.



Алмастырып алсада заман көшін,

Пейілім бұзылмайды саған досым.

Дүниенің қай бұрышын кезсендағы,

Дін аман жүр, қаламгер замандасым.



Дүниеге ақын болып туылғасын,

Сен лайықсын Мұхаңдай тұғырға шын.

Тұмсықтай өткір қауіп тақалмасын,

Шымшықтай жыр жүрегін шырылдасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу