Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  100


Автор: Нұрым Ғұмар

Шапағат



(Айымгүлге)



Көңілдерді тым ауыр қармаса мұз,

Бірімізге демеу сөз алмасамыз.

Мейір нұрымен емделіп кетем оңай,

Мейлі бір мұң жалғасын, жалғаса күз.



Жаңылысқан кей сәттен өтем жырақ,

Биік шыңнан бір сырғып жетем гүл ап.

Жын ұрып, жүз адамнан безсемдағы,

Бұрылып кету қиын сенен бірақ.



Сүйенішсін, сенімім тапталса мың,

Адалдығыңа ұқсайды ақ моншағын.

Кеше біз, бір ұрысып, бір ай бойы,

Бұрылмай жүрген анау шақтар сағым.



Бөлісіп бірге талай нала - мұңды,

Періште пәк көңілің маған үлгі.

Қуанғанда сұлулығын арта түсіп,

Шырай шолып өтеді жанарынды.



Кей адамның сөздері қояр тұсап,

Жүрегіне өшпестей ояр сызат.

"Бояу"- деп, кінәлағыр адамдар көп,

Шындығында сұлусың бояусыз - ақ.



Өмірдің түні тыныш, таңдары сын,

Өткен емес маңызды алдағы ісің.

Енді тағы ұрысып қалмайық біз,

Жақсы ісінді түсінбес жандар үшін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу