28.05.2022
  1220


Автор: Туған күнге тілек

Кәмелет жас

Келді бүгін есік ашып камелет,
Құтты болсын он сегізге толғаның.
Денсаулығың мықты болып лайым,
Орындалсын мақсатың мен арманың.

Көңіліңде қайғы-мұңың болмасын,
Аспаныңда ай мен күнің күлімдеп.
Жаратқаным бар жақсысын таңдасын,
Қуанышта шығып сенің үнің тек.

Өмір жолың сәттілікте жалғансын,
Он сегіз жас бақытына бөлеп тек.
Әрбір күнің жарқырасын, жандансын,
Өмір сені шаттығымен тербелеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу