Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  78


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Пародия. Қиялес

Мен едім ғой әуелден тылсым түнгі көкке үйір,
Жұлдызы бар, Айы бар – аспан бейне коктейль.
Сан құпиясын жасырды-ау жеті қабат кеңістік,
Жаратылған екенмін ғаламаттардан көп кейін.
Қағып тұрып қақпасын тірлік дейтін түрменің,
Ой-санамнан байқадым ғасырлардың дірдегін.
Былдыр-былдыр сәбидің күлкісіне де татымай,
Жүйкесінен жұқарды дәрмен қалмай тірнегім...
Жұпарлы жел сүйетін маңдайымды сор басты,
Жауыр атша қайқаңдап бұраңдаған жол қашты.
Мәңгіліктің мұң сіңген мәйханасында масайып,
Мың армандап келемін болады деп болмасты.
Тұман басқан ғарыштан өлең іздеп, жыр қарап,
Жақындаймын Тәңіріме – жүрегіме нұр қадап.
Таң атқан соң айығып, жерге оралам қайтадан,
Періштемнің бейкүнә көз жасындай сырғанап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу