Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  87


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Жыр мен дыр

Жадымыздан жоғалған-дүр бір дерек:
Нұрға – жүрек, ал жүрекке нұр керек!
Кемел кәллә – шешілмеген жұмбақ бас,
Ой арқылы жаратылмақ жыр бөлек.
Заман мынау жырды ұмытып дыр қуған,
Бітпей қойды-ау дырдуы көп тыр думан.
Хақтың нұрын ажыраттық жүректен,
Екіестенген мый – дүбәрә, тіл – будан...
Бүтінделмей құмар болдық жартыға,
Өмір сүру – ерте өлудің шарты ма?
Қайран қоғам қабілетсіз ғой қайырға,
Жыр жазамын тұншыққан соң зарпына.
Ақша ауруын жұқтырыпты жұрт-елім,
Алла берген жүрек – пұлсыз, нұр – тегін.
Күз секілді жылай білем мен де өксіп,
Көз жасымды жырмен ғана сүртемін.
Көрдім талай құрбылардың құрмасын,
Ой жоқ жерде дүрмек үстем, дыр басым.
...Жүректі нұр – табиғатты сырласын,
Нұрлы жүрек – ақиқатты жырласын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу