Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  90


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Хроника - 2011

Мен неткенмін, неткенмін,
Бейнеуден де кеткенмін...
Сол кеткеннен санасам бес жыл өтті,
Жүриятым, кеше алсаң кеш жүректі.
Қырды көрсем қайтамын емге көріп,
Қыңыр қала қозғайды ескі дертті.
Бұл бабамнан адыра қалынған жер,
Пәмді мешіт-медіресе салынған жер.
Неге мені бұралаң жолдар айдап,
Домалатты қаңбақтай қағынған жел?..
Содан менің жүрісім – нәлет жүріс,
Құдіреті күшті Тәңірім кәр етті-міс.
Түніменен болмайды ұйқы жайлы,
Күніменен болмайды тәбет тыныш.
Мен Бейнеуден кеткелі бес жыл өтті,
Жүриятым, кеше алсаң кеш жүректі.
Қырды көрсем қайтамын емге көріп,
Қыңыр қала қозғайды ескі дертті.
Қайтейін енді?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу