Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  83


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Мұнар күн

Басталмай-ақ аяқталды-ау бір сапар,
Уа, неғылған шаһар еді бұл шаһар?!
Үш қияным түс-қиялым болған кез,
Жүректерге атпай жатыр нұр-сахар.
Жырау жұртым жырламаған байыпсыз,
Жан жаратқан Алла ғана – ғайыпсыз.
Неден жаздық қалатындай адыра –
Маңғыстаусыз, Еділсіз һәм Жайықсыз?..
Жайлы да емес, майлы да емес, малды емес,
Күлдігімді кезіп жүр тек зарлы елес.
Мен қайтейін ғапылдығын дүниенің,
Сайтан келіп ортамызға салды егес.
Алаң анау – қаны сіңген қыршынның,
Даусы қалды атылған оқ – дүрсілдің.
...Мұнар күн боп мұңданып тұр көңілім,
Жыл соңында жалғыздықтан күрсіндім!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу