Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  115


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Түс. Күзгі Ақтау

Қала тұр қарашада қаңыраған,
Арылмай жатушы еді-ау дабырадан.
Қасымда жан адам жоқ, Күз ғана бар,
Ал оның белгілі ғой зары маған.
Күз мені жұбатады жылама деп,
Отырмын жағдайымды сұрама деп.
Ырасы: Күз де – жалғыз, мен де – жалғыз,
Біз талай сынақтарға шыдаған ек...
Қос жетім аман қалдық Тәңір сақтап,
Әуелден берген екен бәрін шақтап.
Күз шығар маңдайыма жазылғаны –
Дүниеге келмей тұрып әлімсақта-ақ.
Қалада қаңғып жүрмін қаңыраған,
Арылмай жатушы еді-ау дабырадан.
Қасымда ескі досым – Күз ғана бар,
Жоқ мұнда Светқали, Сабыр ағам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу