Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  81


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Қолтықтағы* қала

Бағзы да емес, жаңа да емес бұл Ақтау,
Бұл Ақтаудан менің ауылым жырақтау...
Қошқар-Ата қоныс қылған бабажұрт,
Қалың Адай тоғыс қылған бабажұрт,
Бабажұртта қандай бақыт тұрақтау!
Теңіз анау – толқын-толқын қарт айдын,
Қарт айдында сәулесі бар жарты Айдың.
Шабыттары шағаладай шарқ ұрған –
Шәрден біраз шайыр көріп марқайдым.
Уақытым тар – жыр жазуға көсіліп,
Жүргендер көп бостан-босқа төс ұрып.
Тым болмаса көкті кезген бұлт та жоқ –
Өксіп-өксіп жылау үшін қосылып.
Бағзы да емес, жаңа да емес бұл Ақтау,
Бұл Ақтаудан менің ауылым жырақтау...
Қошқар-Ата қоныс қылған бабажұрт,
Қалың Адай тоғыс қылған бабажұрт,
Бабажұртым барлығына шыдапты-ау!


*Қолтық – Ақтау қаласы орналасқан жердің ескі атауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу