Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  97


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Үстірттің үстінде

Мүлгіп тұр қыр басында көне қорым,
Қойтасы, құлпытасы бөлек оның.
Шалғайдан ыңғайтөкпе жел еседі –
Бәйіт қып паң даланың төбе-жонын.
Тарихтан түк түсінбес хас саңырау,
Аңыз ғой, әңгіме ғой басқа – мынау.
Маңайым – кілең күмбез, кереге там,
Қираған тар сағана, тас қабір-ау...
Бұл жерде жазылмайтын жарам бардай,
Іркілді көз жасым да тарамдалмай.
Келген соң әруақтардың мекеніне,
Шулы шәр, топас тірлік қараң қалды-ай.
Қалғып тұр дөң басында көне қорым,
Хақ нұрын төбесінен төгеді оның.
Дүниеде тыныштықты аңсағанға –
Керек қой осындай бір бөлек орын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу