Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  100


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Торыш тақсыреті

Ай, мына жер неткен жер,
Аңыз болып жеткен жер!
Төңіректің тоқсан жолы тоғысқан,
Талай ғасыр көз ашпаған соғыстан...
Етек жауып, ес білгелі қай заман,
Ел едік қой – бақ-дәулеті толысқан.
Уа, әлқисса, о, жалған,
Сөз қозғайын озалдан!
Кең түбекті тегіс жайпап жау шапты,
Қалың жұрттың қабырғасын қаусатты.
Мұндағы ауыл жалбарынып Құдайға,
Құтқаршы деп көкке жайды саусақты.
Сол, сол екен, сол екен,
Көп дұғасы көл екен!
Қап-қара бұлт торлап шексіз аспанды,
Қас қағымда бір сұрапыл басталды.
Нысананы көздеп тұрып атқандай,
Төмен қарай жай оқтары тасталды.
Дұшпан біткен домалап,
Тасқа айналды домалақ!
Мен болыссам – өз далама болыстым,
Көрдім біраз шартастарын Торыштың.
Адам білмес құпиясы көп тегінде,
Қасиетті Маңғыстаудай қоныстың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу