Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  1594


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Аяулы менің анашым

Бұл өлең өзіме өмір сыйлаған аяулы анама Ажапқызы Зураға арналады. Сексеннің сеңгірінен асып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Мәңгілік өмірге аттанғанына біраз жылдар болса да, ақжарқын бейнесі әлі көз алдымда.


Қарағанды обылысы Жаңаарқа ауданыңда дүниеге келген. Мұсылмандық парызын аброймен атқарып, Қажылық сапарға Меккеге алғашқылардың бірі болып барып келген.


 







 


анашым 


 


Сен маған ана деп сөйлеуді үйреттің,
Жүрегің алып теңіз.
Сен маған жүруді үйреттің, тәй-тәй басып,
Болашаққа бағыт беріп.
Сен маған күлуді үйреттің,
Намысшыл, батыл бол деп.
Сен маған жамандықтан жиіркенуді үйреттің,
Жақсылыққа жақын бол деп.
Ақ сүт беріп аялап,
Жеткізген биіктерге.
Түн үйқыңды бөлдің талай,
Мейіріміңді тәңірін үйіп берген.
Өзің барда, тірлігіме көрік бердің,
Алаңсыз баладайын сеніп келдім.
Бұл күнде алыс кеттің, жан анашым,
Көз жасыма моншақтап ерік бердің.
Ер жетсем де есейіп,
Сағындым қайран анам.
Түсесің жиі есіме,
Өзіңдей қайда маған.
Түсесің жиі есіме,
Өзіңдей қайда маған.
Тірлікте мойымадым, түледім көп,
Жақсылыққа соғады тілегім тек.
Шаршаған, құлазыған шақтарымда,
Түске анам жиі өзің түнедің кеп.
Түске анам жиі өзің түнедің кеп.
Ақылшым өзің данасың,
Туысқа жақын дарасың.
Құшағыңды аңсаймын,
Аяулы менің анашым.
Құшағыңды аңсаймын,
Аяулы менің анашым.
Бас иемін руһыңа, тірегім деп,
Есіміңді ардақтап жүремін тек.
Атыңа дақ түсірмей, жан анашым,
Жаратқаннан дұға етіп жүремін көп.
Жол жүрсем алыс сапарға,
Өзіңнен анам бата алғам.
Қарайлап жүрдің жолыма,
Қалдырмай өсірдің қатардан.
Қарайлап жүрдің жолыма,
Қалдырмай өсірдің қатардан.
Сондықтан да, аналар,
Пейілі кең асылдар.
Мәнгі әсем гүл болып қалыңдар.
Тіршіліктің нәрі болып,
Жарық сәуле шашыңдар.
Сөзі Әліпов Айтбек Рымбекұлы,
Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозбақов, 27 мамыр 2022 ж., Нұр-Сұлтан қ.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Лухман
Лухман 04.06.2022 22:55
Керемет ән! Ата - Анаңа, Алла Тағала Жұмақтан орын нәсіп етсін! Амин!
Айжан
Айжан 04.06.2022 21:13
Айтбек Рымбекович, спасибо за ваши стихи, за те глубокие слова, идущие от сердца, за нежную любовь к своей Матери!!! Каждый хотел бы их сказать своей Маме!!! Пусть она гордится и дальше вашими успехами и такими невероятно трогательными стихами!!!
Aigul
Aigul 03.06.2022 22:02
Айтбек Рымбекұлы әр сөзде анаға деген махаббат мол.
Мыңбаева Жанат
Мыңбаева Жанат 02.06.2022 22:18
Құрметті Айтбек Рымбекулы. Аяулы Анаңызға арнаған мына шығармаңыз окып, үлкен тебіреністе болдым.Терең ой,Анаға тағзым деп былемын. Рақмет сізге.
Назгүл
Назгүл 28.05.2022 17:08
Анаңызға деген асыл сезімдерді керемет тебіреніспен, терең сезіммен толғаған екенсіз, аға. Қаламыңыз ұштала берсін
Ринат Баушенов
Ринат Баушенов 27.05.2022 23:00
Марқұм апамыз бір аунап тұрған шығар, жаксы шыккан туынды. Талабыңызға нұр жаусын аға!

Пікір жазу