27.05.2022
  743


Автор: Марат Нұрқалиев

Дәрігердің қабылдауында

Жиырма минуттан кейін тіс дәрігері Яков Шишман бейтаныс кісіні қабылдады.
– Сізді ас үйге қамап қоюға тура келгеніне қиылып кешірім сұрай мын, – деді дәрігер. – Байқағаныңыздай, менде қызметші жоқ. Ал қазір заман қандай екенін білесіз бе? Кеше ғана келушілер киім ілгіште тұрған екі пальтомды алып кетті. Одан бұрын – тонымды... Ал бүгін білсеңіз, бір сайтанның сапалағы дәлізде тұрған жез түкіргішті іле кетіпті. Тіпті осы жұмыстан безгің келеді. Мен мұнда біреуді қарап жатамын, ал кезек күтушілер жытырып жатады. Сондықтан жаңағыдай шара қолдануға тура келеді... Қиылып ғафу өтінемін... Кәне, аузыңызды аша қойыңыз.
Бейтаныс кісі неге екені белгісіз:
– һім, – деді де, аузын ашты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу