Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  62


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Елес-әсер

Бір сағыныш
бойымды меңдеп алған,
Кейде өткенге сүйрейді
мендегі арман.
Нән қаладан кей шақта
көңіл қалып,
Ұлықпанды аңсаймын
елде қалған.
Бірде шексіз қуанып,
бірде налып,
Сан ызғарға солмадық
гүлдеп алып.
Күлетінбіз риясыз,
жүретінбіз
Қой кезегін екі үйдің
бірге бағып.
Еске түссе
осы бір бала кезім,
Елжірейді жан-жүйке,
сана-сезім.
Жалтыркөлге түстеніп,
Сарғопа асып,
Оралушы ек кешқұрым
дала кезіп.
Мұның бәрі
бұл шақта елес-арман,
Елес-арман –
көктен нұр төге салған.
Қуат берші,
демеші қолтығымнан
Шақырғанда қол бұлғап
белес алдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу