Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  93


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Арман-жыр

Тапқан пайдаң өлеңнен
қайсы? – десең,
Бөгелмен.
Жауабым сол бір жауап:
Арман қуып келем мен!
Күндер өтті тоналған,
Күндер өтті... жаңа арман –
Жақындатқан аспанға,
Жырақтатқан анамнан.
Көгімді бұлт торлайды,
Жыр туады ол жайлы –
Жұбанамын.
Бұл сәттер
Болмас, бәлкім, елге әйгі.
Қарыздармын Таң саған,
Жарқырауға жан салам.
Жебеп келген түндерде
Жұлдыздарым, болшы аман!
Көңіл көкті сағынар,
Өмір қашан оны ұғар?!
Арман маған не берді...
Жырларымда бәрі бар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу