Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  93


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Ақ армандар күтеді

Ақ армандар –
асқақ шыңда мекені,
Иелерін күтуменен
шаршады.
Отқа оранған
түбінде бір жетеді.
Оған бірақ
тырыспайтын қанша әлі?!
Өртенгеннің азабына
үстеме,
Небір марғау әрекеттен
жиреніп,
Қала бергем,
қызықтырмай ештеңе,
Өз-өзімнен мазасыз бір
күйге еніп.
Тәңір, маған
армансызды дос етпе,
Кезіктірсең,
күйреп түсем мен демде.
Түніменен дөңбекшіткен
төсекте,
Бір ащы өксік
атой салар кеудемде.
Қарауытты бүгін тағы
төңірек,
Тау жолына түскеніме
боп кекті.
“Өлтірсең де,
бөле алмассың мені!” деп,
Түнек жара
айқай салғым кеп кетті.
Тағдырымның
қойылғанша нүктесі,
Таңқалдырып өтесің-ау,
Жер, мені.
Жазғыруға бола ма екен,
тіпте осы,
Елесіне ессіз сенген пендені.
Оңай емес сезіну де, –
жан барын
Асқақ бейне
жанарынан жоғалған.
Жақын бару үшін саған,
арманым,
Жырақтауға тура келді
олардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу