Өлеңдер ✍️

  27.05.2022
  95


Автор: Сәндiбек Жұбаниязов

Көңіл әуені

Орын бер жүрек пәк мұңға
Сезімге бір сәт жеңдірсем.
Тұп-тура келе жаттың да
Тіл қатпай өте бердің сен.
Ойладың нені сен сонда?..
– Әніме менің бөленбей,
Мың жерден тыраштансам да
Тілдеспей қойған әлемдей.
Тіршілік жайлы толғанса,
Көңілді тербер көп қой ән.
Тілегің сенің сол болса.
Көзіңе түспей-ақ қоям.
Сілкінуден де қалыппыз,
Төгілтіп әнді таңдайдан.
Мұңдана берер халықпыз,
Көрінбе бірақ сен де, айнам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу